Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Ресей басшысының Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапары мен екіжақты қатынастардың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әңгіме барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты елімізде өткен жалпыұлттық референдумның сәтті аяқталуымен құттықтап, жаңа Конституцияның қабылдануы маңызды қадам екенін жеткізді.
Президент Тоқаев Ресей басшысының мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.
"Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту үшін айрықша мәнге ие", - деді Мемлекет басшысы.
Владимир Путин бұл пікірмен толық келісетінін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Фото: Әлеуметтік желіден




