Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қайрат» Чемпиондар лигасында сенсация жасап жалпы кезеңге жолдама алды (ВИДЕО)
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде Алматының «Қайрат» жеңіске жетіп, топтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алатау баурайына Шотландияның «Селтик» клубы келген. Екі матчта да есеп ашылған жоқ. Бүгінгі қарымта

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде Алматының «Қайрат» жеңіске жетіп, топтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алатау баурайына Шотландияның «Селтик» клубы келген. Екі матчта да есеп ашылған жоқ. Бүгінгі қарымта матч пенальти сериясына дейін жалғасты. Футбол лотериясында қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей соққыны қайтарып, командасын жалпы кезеңге алып шықты.
Осылайша, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері тарих жасап, Чемпиондар лигасының үздік клубтарымен бірге ойнайтын болды. Бұған дейін Қазақстаннан 10 жыл бұрын «Астана» топтық кезеңге жолдам аалған.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Бүгінгі матчта «Қайраттың» бірнеше көшбасшы ойыншылары қатыса алмады
Фото: Чемпионат
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·