«Қайрат» футбол клубы төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Алматылық "Қайрат" футбол клубы 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанды. Маусым бойы 47 ұпай жинаған "Қайрат" шешуші 26-турда "Атырау" командасын 0:1 есебімен жеңіп, ел біріншілігінің алтын медалін иеленді. Бұл жеңістің маңызды сәті 59-минутта орын алып, Гиорги Зари

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанды. Маусым бойы 47 ұпай жинаған "Қайрат" шешуші 26-турда "Атырау" командасын 0:1 есебімен жеңіп, ел біріншілігінің алтын медалін иеленді. Бұл жеңістің маңызды сәті 59-минутта орын алып, Гиорги Зария пенальтиден дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Фото: Halyk uni
"Қайрат" осымен өз тарихында төртінші рет Қазақстан чемпионы атанып отыр. Жүлдегерлер арасында күміс медаль 46 ұпаймен "Астана" клубына бұйырса, үздік үштікті 43 ұпаймен "Ақтөбе" түйіндеді. Ал "Шахтер" командасы 13-орынға тұрақтап, турнир кестесінің соңғы сатысында қалды.
Бұл жетістік алматылық клуб үшін үлкен мерей, ал жанкүйерлер үшін мақтаныш болып отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·