«Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Полиция Қаңтар оқиғасынан қалған мыңнан астам қаруды тәркіледі
Фото: polisia.kz ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, деп Тodayinfo ақпараттық порталы. Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс жән

Фото: polisia.kz
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.
Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.
Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды. Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді. Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды.
Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·