Қарағанды облысында интернат басшылығы 400-ден аса баланың құқығын бұзған
Қарағанды облысында интернат басшылығы 400-ден аса баланың құқығын бұзған, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Шет ауданының прокуратурасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы қолдау мектебі жанындағы интернат» КММ қызметіне кешенді тексеру жүргізді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше,

Қарағанды облысында интернат басшылығы 400-ден аса баланың құқығын бұзған, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Шет ауданының прокуратурасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы қолдау мектебі жанындағы интернат» КММ қызметіне кешенді тексеру жүргізді.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ресурстық орталық кешеніне жақын маңдағы ауылдардан келген 100 оқушының тұруына арналған 3 қабатты жатақхана кіреді. 2022 жылдың соңында комиссия шешімімен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жасалмастан, балалар жатақханадан шығарылып, олар ресурстық орталық ғимаратының жатуға қолайсыз, арнайы жабдықталмаған 2-қабатына орналастырылған.
Оқу кабинеттері санының азаюы, кейбір кабинеттердің шаруашылық бөлмелерге айналуы оқушылардың оқу-демалу орындарының, асханалардың, дәретханалардың және тағы басқа алаңдардың белгіленген нормаларының бұзылуына әкеп соққан.
Тексеру кезінде жатақхананың 2-қабатында «Шет ауданының білім бөлімі» ММ орналасқаны, ал 3-қабатында білім бөлімінің меңгерушісіне, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері үшін жатақхана ұйымдастырылғаны анықталды. Аталған жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, балалар жатақхана ғимаратына қайта орналастырылып, ресурстық орталықтың жатын бөлмелері қайтадан оқу кабинеттеріне айналды.
Қазір орталықта оқитын 412 балаға сапалы білім алуға мүмкіндік жасалып отыр.
Кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·