Қарағанды облысында мал ұрлаумен айналысқан 19-21 жас аралығындағы жігіттер ұсталды
Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына ауылдың 2 тұрғыны жүгініп, қораларынан 12 қой мен жылқы ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген. Жедел әзірлеменің нәтижесінде полици

Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына ауылдың 2 тұрғыны жүгініп, қораларынан 12 қой мен жылқы ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген. Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.
19-21 жас аралығындағы 6 жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: Халық үні
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·