Қарағанды облысында мас депутат тұрғынды қарумен қорқытқан
21 қазанда Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Ахметауыл ауылында белгісіз біреу мас халде жүріп, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Оның үстінен «Ұсақ б

21 қазанда Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Ахметауыл ауылында белгісіз біреу мас халде жүріп, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Оның үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар, «Қорқыту» және «Заңсыз атыс қаруын алып жүру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір жәбірленушінің барлық уәжі мұқият тексеріліп жатыр.
Қылмыстық іс Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·