Todayinfo.kz
Қарағанды облысы

Қарағандыда облыстың 90 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясы ашылды

Қарағандыда облыстың 90 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа экспозициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Іс-шараға облыс әкімдігі аппаратының өкілдері, өңірлік басқарма басшылары, Қазақстан Республикас

Авторы Жаннұр Еділбаева··3 мин оқу
Қарағандыда облыстың 90 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясы ашылды
Қарағандыда облыстың 90 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа экспозициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Іс-шараға облыс әкімдігі аппаратының өкілдері, өңірлік басқарма басшылары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілдері, Ұлттық музей мен облыстық музейлердің жетекшілері, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, өңірдің әлемдік тарихтағы орнын көрсету арқылы тарихи жадыны қалыптастыру, сондай-ақ Қарағанды облысының көне дәуірден бастап индустриялық қалыптасуы мен Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі даму жетістіктерін таныту болды. Сонымен қатар жаңартылған музей экспозициясы өңірдің туристік әлеуетін арттырып, оны облыстың туристік маршруттарына енгізу міндетін көздеді. Ауқымды реэкспозициядан кейін Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі келушілер үшін қайта ашылды. Жаңартылған көрме ғылыми зерттеулерге негізделіп, заманауи мультимедиялық технологиялармен толықтырылған. 2025–2026 жылдары жүзеге асқан реэкспозиция жобасы соңғы 13 жылдағы музейдегі ең ірі жаңғырту жұмыстарының бірі болды. Жобаның басты мақсаты – өңір тарихын қазіргі ұрпаққа жаңа форматта әрі мазмұнды түрде таныстыру. Экспозициялық кеңістікте тақырыптық инсталляциялар, интерактивті аймақтар, мультимедиялық киоскілер, голограммалар мен проекциялық жүйелер орнатылған. Келушілер сенсорлық экрандар арқылы архивтік құжаттармен танысып, сирек кездесетін экспонаттар туралы кеңейтілген ақпарат алуға мүмкіндік алды. Музей экспозициясы 13 залдан тұрады. Онда өңір тарихы көшпелі империялар дәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі уақытты қамтиды. Көрмеде археологиялық олжаларға, қола және ерте темір дәуірінің жәдігерлеріне, қазақ халқының материалдық мәдениетіне, сондай-ақ Қарағанды қаласы мен облысының қалыптасу тарихына ерекше назар аударылған. Жобаны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Ұқсас материалдар