Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам газдан уланып қалды

Қарағандыда пәтер өртінің салдарынан 6 адам газдан уланды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.   ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:33-те Сатыбалдина көшесінде пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқа

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам газдан уланып қалды
Қарағандыда пәтер өртінің салдарынан 6 адам газдан уланды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.   ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:33-те Сатыбалдина көшесінде пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерде 15 шаршы метр жерде тұрмыстық заттар мен жиһаздың жануы салдарынан өрт шықты. Сағат 13:09-да өрт сөндірілді.
"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері құтқару қалпағын пайдаланып, 9 адамды құтқарды. Жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығы өрт орнынан алдын ала болжам бойынша көмірқышқыл газымен уланған 6 адамды (оның ішінде 2 бала) алып кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы, 6 апаттық-құтқару техникасы және «АМО» ФММ-нан 4 адам, 1 техника жұмылдырылды.  

Ұқсас материалдар

Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам газдан уланып қалды · Todayinfo