«Бір жыл бойы ештеңеге күмәнданбадық. Бәрі кездейсоқ ашылды. Ең ауыры - біз бұны тіпті елестете де алмадық. Енді ата-аналар өздері шешеді: сабаққа бара ма, жоқ па. Бірақ мұны жұрт білуі керек», - дейді баланың анасы.
Қарағандыда жан түршігерлік жағдай: Логопед баланы бір жыл бойы ұрып келгені әшкере болды
Фото: видео скриншот Қарағандыда бір жыл бойы логопедке барып жүрген баланың ата-анасы күтпеген жағдайға тап болды. Айтуларынша, сабақ соңына таяғанда әкесі баласының немен айналысып отырғанын көру үшін телефонды жоғары көтеріп, кабинеттегі шағын терезе арқылы видео түсірген. Сол

Фото: видео скриншот
Қарағандыда бір жыл бойы логопедке барып жүрген баланың ата-анасы күтпеген жағдайға тап болды. Айтуларынша, сабақ соңына таяғанда әкесі баласының немен айналысып отырғанын көру үшін телефонды жоғары көтеріп, кабинеттегі шағын терезе арқылы видео түсірген. Сол сәтте жазбада логопедтің баланы басынан ұрғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ата-ананың айтуынша, осы уақытқа дейін ешқандай күдік болмаған. Олар логопедке толық сеніп келген. Видео көрген кезде отбасы үлкен шок алғанын айтады.
Оқиға болған бойда ата-аналар баласын сабақтан алып кеткен. Логопед жағдайды түсіндіре алмаған. Кейін ол хабарласқанымен, ата-ана жауап бермегенін, алайда маманның бірде-бір жазбаша түсініктеме немесе кешірім сұрамағанын жеткізді.
Ата-ана бұл жағдайды жариялауға мәжбүр болғанын айтады. Себебі осы логопедке күн сайын көптеген балалар келеді. Мұндай әрекет басқа балаларға жасалды ма, жоқ па - белгісіз.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·