Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қарағандыдағы ұрлық: Әйелдің сөмкесіне қол салған ұрының әр әрекеті видеоға түскен

Қарағандыда екі әйелдің жанында кетіп бара жатып, біреуінің сөмкесінен ақша ұрлаған қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды. Күдікті ұсталды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қарағандыдағы ұрлық: Әйелдің сөмкесіне қол салған ұрының әр әрекеті видеоға түскен

Қарағандыда көшеде әйелдің сөмкесінен ақша ұрлаған қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға күндіз қаладағы "Көгілдір тоғандар" ауданында болған. Куәгерлер түсірген видеодан екі әйелдің қасында келе жатқан ер адамның олардың бірінің сөмкесіне бірнеше рет қол салғанын анық көруге болады.

Көп ұзамай 59 жастағы қала тұрғыны полицияға арызданып, сөмкесінен 35 мың теңге жоғалғанын мәлімдеген. Куәгерлердің видеожазбасы мен көшедегі бақылау камераларының көмегімен күдіктінің жүрген бағыты анықталған.

Тәртіп сақшылары оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Ол 39 жастағы ер адам болып шықты. Бұл дерек бойынша Жаңа Майқұдық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Қарағандыдағы ұрлық: Әйелдің сөмкесіне қол салған ұрының әр әрекеті видеоға түскен · Todayinfo