Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Қаражат ай сайын аударылады: Балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 млрд теңгеге алған

Фото: Ulysmedia Имамның аяғына массаж жасап жатқан балалардың видеосы түсірілген Сарығаш медресесі 2018 жылдан бастап бюджеттен 1,93 миллиард теңгеден астам қаржы алған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы stan.kz -ке сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алулар сайтынан Түркіста

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қаражат ай сайын аударылады: Балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 млрд теңгеге алған
Фото: Ulysmedia
Имамның аяғына массаж жасап жатқан балалардың видеосы түсірілген Сарығаш медресесі 2018 жылдан бастап бюджеттен 1,93 миллиард теңгеден астам қаржы алған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алулар сайтынан Түркістан облысының білім басқармасы мен "Сарыағаш" медресе колледжі арасында жасалған барлық келісімшарттардың тізімін табуға болады. Оған сәйкес, 2018 жылдан бері медресе облыс әкімдігінен мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүздеген миллион теңге алып келген. Түркістан облысының әкімдігі Қазақстандағы кез келген білім беру мекемесі, діни бағытына қарамастан, мемлекеттен қолдау ала алатынын мәлімдеді. Белгілі болғандай, 2018-2025 жылдар аралығында медресе 900 гранттық орын алған. Онда студенттер "Исламтану", сондай-ақ "Имам-хатиб" және "Оқытушы"біліктіліктері бойынша оқытылады. 2018-2024 жылдары медресе мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы алған, ал 2025 жылға арналған келісімшарт сомасы 290 миллион теңге. Ол көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес ай сайын аударылып отырады.

Ұқсас материалдар

Қаражат ай сайын аударылады: Балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 млрд теңгеге алған · Todayinfo