«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді, ал қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылатын болады. Осылайша, көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.Еске сала кетейік, осыған дейін аталған қылмыстық топтың екі мүшесі Ресей мен Польшадан экстрадицияланып, олар әртүрлі жылдарға сотталды.
Қаржы пирамидасы арқылы 15 млрд теңге тапқан қазақстан азаматы Қырғызстанда адам өлтірген
Фото: Видеодан скрин «QI-Trade» қаржы пирамидасын құрып, 15 млрд теңге пайда тапқан соң Қырғызстанға қашып кеткен Қазақстанға қайтарылды. Бас прокуратура мәліметінше, Қырғыз Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидасын құрғаны және басқ

Фото: Видеодан скрин
«QI-Trade» қаржы пирамидасын құрып, 15 млрд теңге пайда тапқан соң Қырғызстанға қашып кеткен Қазақстанға қайтарылды. Бас прокуратура мәліметінше, Қырғыз Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Қашқын өзге елде жүрсе де адам өлтірген, деп хабарлайды Todayinfo.
Аталған топтың мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген.
Қылмыстық топтың кейбір мүшелері сотпен әртүрлі жазаға тартылған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Іздеуде бола тұра, ол Қырғызстанда кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·