Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде мемлекет басшыларымен сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойында бірқатар ел басшыларынан құттықтау қабылдап, өзекті мәселелерді талқылады.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде мемлекет басшыларымен сөйлесті
📷 Дереккөз: alash.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді.

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ұқсас материалдар

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде мемлекет басшыларымен сөйлесті · Todayinfo