Қаза тапқандар бар: Түркияда жойқын жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды todayinfo.kz AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Балыкесир қаласына қарасты Сындыргы ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 19:53-те болған және ол елдің Мәрмәр және Э

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды todayinfo.kz
AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Балыкесир қаласына қарасты Сындыргы ауданында орналасқан.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 19:53-те болған және ол елдің Мәрмәр және Эгей өңірлеріндегі бірнеше провинцияда, соның ішінде Ыстанбұл қаласында да сезілген көрінеді.
Түркияның батысында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Сонымен қатар Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қираған үйлердің бірінің астынан төрт адам аман-есен құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Фото: topnews.kg
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·