«Оқиғаның мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтау үшін оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы жіберілді», — делінген ресми хабарламада.Сонымен қатар, бұл топқа елдегі барлық әскери бөлімдердегі әскери тәртіп пен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын сақтау жағдайын тексеру тапсырылды. Жақын арада Бас прокуратураның арнайы алқа отырысында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Жаңғызтөбе кентінде орналасқан 47007-әскери бөлімінде қарауылда тұрған сарбаз өзіне оқ атқан болатын.
Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз қаза тапты: Жамбыл облысында тергеу басталды
Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз қарудан мерт болды. Бас прокуратура істі жеке бақылауына алды. Бұл соңғы уақыттағы екінші оқиға.

Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 қаңтарда болған. Сарбаз қарумен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алып, соның салдарынан мерт болған.
Қазір істі ІІМ-нің әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысын Бас прокурор жеке бақылауына алды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·