Қазақстан медальдар кестесінде тағы 4 орынға кері сырғыды
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде алғашқы 30 елдің қатарынан шығып қалды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі kazinform-ға сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, ел құрамасы дәл қазіргі есеп бойынша жалпы медал

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде алғашқы 30 елдің қатарынан шығып қалды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі kazinform-ға сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, ел құрамасы дәл қазіргі есеп бойынша жалпы медальдар кестесінде 34-орынға сырғыды. Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.
Ал жалпы есепте бүгін АҚШ құрамасын қытайлықтар басып озып, көш басына шықты. Қытайлардың еншісінде әзірге 32 алтын, 25 күміс, 20 қола медаль бар. Ал АҚШ құрамасы олардан 2 алтынға кем. Олардың еншісінде 30 алтын, 38 күміс, 36 қола медаль бар.
Үздік үштікті әзірге Аустралия құрамасы түйіндеп тұр. Оларда 18 алтын, 15 күміс, 14 қола медаль бар.
Жарыстар әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі медальдар кестесі әлі де өзгеруі мүмкін. Ал Олимпиада қожайыны – Франция құрамасы әзірге 4-орында келеді. Олардың еншісінде 14 алтын, 19 күміс, 22 қола медаль бар.
Жалпы Олимпиада алтынына 54, күміске 71, ал қолаға 80 ел қол жеткізді.
Еске сала кетсек, бұл XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады. Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·