Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді
📷 polisia.kz

Қазақстан мен Украинаның полиция қызметкерлері Киевте жүргізген бірлескен операция барысында есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар желісінің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, 28 мамыр күні Киевте Еуропа және ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық ұйымдардың біріне қарасты call-орталықтардың жұмысы тоқтатылған.

Тергеу барысында аталған кеңселер қызметкерлерінің азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекеттерге тартумен айналысқаны анықталды. Ұйымдастырушылардың тапсырмасы бойынша операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және буып-түюші ретінде жұмыс істейтін адамдарды іріктеген.

Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Тергеушілер қылмыстық схемадағы әр қатысушының рөлін, оның ішінде ұйымдастырушыларды, операторлар топтарының жетекшілерін және әлеуетті орындаушыларды тартумен тікелей айналысқан қызметкерлерді анықтады.

Тоғыз мекенжай бойынша тінту жүргізілді. Құқық қорғау органдары шамамен 40 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро қолма-қол ақшаны, Range Rover автокөлігін, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді үйлестіру үшін пайдаланылды деген күдікпен 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшетті тәркіледі.

Қазіргі уақытта мамандар тәркіленген компьютерлік техникалардағы деректерді зерттеп жатыр. Сонымен қатар қылмыстық желіні ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, ақша қаражатының қозғалыс арналары мен трансұлттық схеманың өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған қаржылық тергеу жалғасуда.

Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді · Todayinfo