Қазақстан Михаил Шайдоровтың Олимпиадаға дайындығына 263,4 млн теңге жұмсаған
Фото: ҰОК Туризм және спорт министрлігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Италияда өткен 2026 жылғы ойындарға дайындауға жұмсалған қаржылық шығындарды жариялады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Аталмыш министрліктің мәліметінше, Михаил Шайдоров

Фото: ҰОК
Туризм және спорт министрлігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Италияда өткен 2026 жылғы ойындарға дайындауға жұмсалған қаржылық шығындарды жариялады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Аталмыш министрліктің мәліметінше, Михаил Шайдоровты 2026 жылы Италияда өткен Олимпиада ойындарына дайындауға 2025 жылы 263 394 581 теңге бөлген.
Қаржының бөлінуі:
• 47 млн теңге – 19 оқу-жаттығу жиынына (Оның сегізі Қазақстанда, ал он бірі шетелде)
• 16 млн теңге – 5 халықаралық жарысқа қатысуға
• 33 989 000 теңге – спортшының 2025 жылғы жалақысы
• 26 млн теңгеден астам – жеке жаттықтырушысы Алексей Урмановтың жалақысы
• 23 млн теңге шамасында – хореограф И.В. Регинаның жалақысы
• Қосымша қаржы – жарыс бағдарламаларын қоюға, екі костюм тігуге және авторлық құқықтарды сатып алуға бөлінген.
Сонымен қатар:
• Спортшы әлем чемпионаттары мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін 6 694 581 теңге көлемінде бір реттік төлем алған.
• Жаттықтырушылар штабына қосымша 1 506 040 теңге төленген.
Осылайша, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Олимпиадаға дайындалу үшін 2025 жылы шамамен 263,4 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалған.
Ұқсас материалдар

Спорт
«Өгей әкесімен Мәскеуде тұрады, бір ауыз қазақша білмейді»: журналист Бибісара Асаубаеваның Путиннен ресей азаматтығын сұрағанын жайып салды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Елдің интеллектуалдық болашағына шенеуніктер емес, менің ата-анам инвестиция салып жүр»: Асаубаева Спорт министрлігінің жауабына шүйлікті
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Бибісараға соңғы 3 жылда 700 миллион теңге бөлінді»: Журналист спорттағы шығындарды сынға алды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Мәлімдемесі шындыққа сай келмейді»: Министрлік Асаубаеваға қанша ақша бөлінгенін жайып салды
Айғаным Нариманова·