Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирін жеңіспен бастады: Намибияны жеңді

Магомед Адиев шәкірттері FIFA Series аясында Намибияны 2:0 есебімен жеңді. Голдарды елордадағы ойында Оразов пен Қасым салды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирін жеңіспен бастады: Намибияны жеңді

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы FIFA Series жобасы аясындағы алғашқы ойынында Намибия командасын сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

25 наурыз күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Бұл – FIFA-ның ұлттық құрамаларға арналған жаңа турнирі аясындағы тарихи ойын. Магомед Адиев шәкірттері алаңға мына құрамда шықты: Анарбеков, Мрынский, Қасым, Әліп, Вороговский, Қуат, Оразов, Чесноков, Самородов, Кенжебек, Свиридов.

Ойынның бірінші жартысында алаң иелері белсенділік танытты. Нәтижесінде Рамазан Оразов пенальтиден мүлт кетпей, есеп ашты.

Кездесудің екінші бөлігінде Намибия футболшылары есепті теңестіруге тырысқанымен, қазақстандықтар тағы бір гол соқты. Бұрыштамадан асырылған допты қорғаушы Әлібек Қасым баспен қақпаға дәл бағыттап, командасының басымдығын арттырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирін жеңіспен бастады: Намибияны жеңді · Todayinfo