Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Меладзенің командасы әншінің 60 жылдық мерейтойына арналған гастрольдік сапары алдында Орталық Азия елдерінің билік органдарына кепілдік хаттар жолдады. Бұл туралы Mash хабарлады.
Өкілдер Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан билігінен концерт өткізуге рұқсат сұрап, шара барысында саяси сипаттағы мәлімдемелерге жол берілмейтінін уәде еткен. Қазақстан мен Өзбекстан Меладзеге концерт өткізуге келісім берді. Желтоқсан айының басында әнші Астанада үш концерт өткізді.
Ал Қырғызстан билігі кепілдік хаттың болғанына қарамастан, оның елде өнер көрсетуіне тыйым салды. Айта кетейік, Меладзе Ресейде де «қара тізімге» енген.
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты



