Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан теннисіндегі тарихи сәт: Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орынға көтеріліп, мансабындағы жаңа рекордқа қол жеткізді. Ол Ига Швёнтекті басып озды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстан теннисіндегі тарихи сәт: Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде екінші орынға көтеріліп, тарихи рекорд жаңартты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл жетістікке спортшы АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен BNP Paribas Open турнирінің финалына шыққаннан кейін қол жеткізді. Шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкоға есе жіберді.

Қазір Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Рейтинг көшбасшысы Соболенкода 11025 ұпай болса, үшінші орынға 7413 ұпаймен польшалық теннисші Ига Швёнтек жайғасқан.

Сонымен қатар осы турнирден кейін тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина да өз көрсеткішін жақсартты. Ол жұптық сында төртінші орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Қазақстан теннисіндегі тарихи сәт: Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды · Todayinfo