Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)
Қазақстан жанкүйерлері Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіге тарап кетті. Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойын кезінде қос клубтың жанкүйерлер

Қазақстан жанкүйерлері Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіге тарап кетті.
Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойын кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.
Трибунада отырған жанкүйерлер елдің атына сөз келеді-ау дегенді ысырып қойып, командаларының жалған намысы үшін бір-біріне орындық лақтырып, балағаттаған.
Ал матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·