2025 жылы Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялау жүйесі қайта қаралып, 8 миллионға жуық азамат активтері мен міндеттемелері туралы есеп тапсырудан босатылды. Бұл жаңашылдық зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да жеке құрылымдар қызметке
2025 жылы Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялау жүйесі қайта қаралып,
8 миллионға жуық азамат активтері мен міндеттемелері туралы есеп тапсырудан босатылды. Бұл жаңашылдық зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да жеке құрылымдар қызметкерлеріне қатысты.
Фото: Canva.com
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, олардың жұбайлары, шетелде активтері бар немесе жылдық сатып алу сомасы
20 мың АЕК-тен (74 млн теңгеден) асқан тұлғалар декларация тапсыруды жалғастырады. Сонымен қатар, кез келген азаматқа ерікті түрде декларация тапсыру мүмкіндігі сақталады.
Экономист пікірі: мемлекет бәрін біледі
Экономист Расул Рысмамбетов бұл шешімді қоғамның сұранысы деп бағалады. Оның айтуынша, қолма-қол ақша дәуірі азайып, транзакциялар цифрлық форматқа көшкендіктен, мемлекет азаматтар туралы барлық қажетті ақпаратқа ие. Декларациялаудың негізгі мақсаты – қаржы ағындарын ашық ету.
"Бұл артық жұмыс болатын, себебі қағаз немесе онлайн толтыруды қажет етті. Қазір мемлекетте барлық деректер бар, сондықтан бұл шараның қажеті шамалы болды," – деді сарапшы.