Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
Фото: instagram.com/aimagambetov Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo

Фото: instagram.com/aimagambetov
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аймағамбетов шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Дания мен Аустралияда тіркелуге 15–16 жастан бастап рұқсат етілетінін, ал АҚШ пен Англияда ата-ананың келісімі мен верификация қажет екенін айтты.
Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуды да қолдады, мұндай шектеудің оқу үлгеріміне оң әсер ететінін атап өтті.
Ал вице-министр Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер Цифрлық кодекске енгізілмейтінін, басты мақсат – балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау екенін жеткізді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Сталкеры не подпадут под амнистию – Сенат принял закон в двух чтениях
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерге рақымшылық қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Италии при трагических обстоятельствах скончался студент из Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Суға батып кеткен»: Италияда қазақстандық студент мерт болды
Айғаным Нариманова·