Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда экстремистік және террористік кітаптарды сақтауға тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары экстремистік және террористік материалдарға байланысты тыйымды кеңейтуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл норма “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы мем

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстанда экстремистік және террористік кітаптарды сақтауға тыйым салынады
Мәжіліс депутаттары экстремистік және террористік материалдарға байланысты тыйымды кеңейтуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл норма “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына енгізілген. Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.
“Экстремистік және террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға қойылған тыйымнан бөлек, заң жобасында оларды сақтауға да тыйым енгізу ұсынылып отыр”, – деді депутат Болат Керімбек.

Бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мұндай материалдарды сақтау үшін жауапкершілік қарастырылған еді.

“Алайда салалық заңдарда тек осындай материалдарды әкелуге, дайындауға және таратуға ғана тыйым салынған”, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев.

Ұқсас материалдар

Қазақстанда экстремистік және террористік кітаптарды сақтауға тыйым салынады · Todayinfo