Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда кейбір қара шай маркаларына уақытша санитарлық шектеу енгізілді

Қазақстанда талапқа сай келмейтін кейбір қара шай маркаларын әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды: сараптамада тыйым салынған бояғыштар табылды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстанда кейбір қара шай маркаларына уақытша санитарлық шектеу енгізілді

Қазақстанда жекелеген қара шай түрлеріне уақытша санитарлық шаралар енгізілді. Тексеру кезіндегі сатып алулар мен зертханалық сараптамалар бірқатар үлгіден шайға қосуға тыйым салынған тағамдық бояғыштар анықталғанын көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Шектеулер санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне сай келмейтін өнімдерге қатысты. Мамандар кейбір шай үлгілерінен сары түсті «күн батуы» (Е110), тартразин (Е102) және понсо 4R (Е124) бояғыштары барын анықтаған. Қолданыстағы талап бойынша бұл қоспаларды шай құрамында пайдалануға болмайды.

Осыған байланысты аталған өнімдерді елге әкелуге және сауда орындарында сатуға уақытша тыйым салынды. Шектеу енгізілген қара шай маркаларының тізімі төмендегідей:

«Апамның шәйі Premium Gold», «Al-Hayat Gold», «Балқия Premium Gold» ("Orda Trade Astana" ЖШС, Алматы облысы);

«Sultan Suleyman», «Pakistan Tea» ("Real Trade Astana" ЖШС, Астана);

«Балқия Premium Gold» ("Аль-Хадия" жеке кәсіпкері, Алматы);

«Aje Onim» ("Орда Чай" жеке кәсіпкері, Алматы, "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша);

«Al-Hayat Gold» ("Empire KENIY E.P.Z. Limited", Алматы облысы);

«Al-Jannat Premium» ("Ferdaus" жеке кәсіпкері, Алматы);

«Alfarah» (қаптамасында өндіруші көрсетілмеген).

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Қазақстанда кейбір қара шай маркаларына уақытша санитарлық шектеу енгізілді · Todayinfo