Абаевтың айтуынша, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күшпен жариялануы – мемлекет тарапынан орыс тілі мен орыс тілді азаматтарды қорғауға ұмтылыстың айқын көрінісі.
Сондай-ақ, ол жаңартылған Конституция адам құқықтарын қорғауға басымдық беріп, елдің ұзақ мерзімді дамуына жол ашатынын айтты. Бұдан бөлек, референдумды бақылауға қатысқан Ресей тарапына алғыс білдірді. Еске салайық, Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум Қазақстанда 15 наурыз күні өтті. Дауыс берудің ресми қорытындылары 17 наурызда жарияланып, халықтың 87 пайыздан астамы Жаңа Ата заңды қолдады. Биылдан бастап Конституция күні 15-наурыз болып белгіленді. Жаңа Ата заңның негізі авторы - қазіргі Президент. Фото: Sputnik / Владислав Воднев«Қазақстан халықаралық аренада Ресейдің сенімді әрі алдын ала болжауға болатын, үйренген серіктесі болып қала беретінін айырықша атап өткім келеді. Елімізде орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде тең заңды күшке ие болуы – мемлекетіміздің орыс тілі мен орыс тілді халықты қорғауға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді», – деді Дәурен Абаев.




