Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда шағын несие алу қиындайды: 2026 жылы не өзгереді?

Қазақстанда "жалақыға дейін ақша алу" бұрынғыдай оңай болмауы мүмкін. Сарапшылар 2026 жылы микроқаржы ұйымдары (МФО) өз талаптарын күрт өзгертетінін ескертуде. Несие нарығындағы жағдай неге қиындап барады? Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі жазды. Қарыз алушыларға қойылатын ж

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Қазақстанда шағын несие алу қиындайды: 2026 жылы не өзгереді?

Қазақстанда "жалақыға дейін ақша алу" бұрынғыдай оңай болмауы мүмкін. Сарапшылар 2026 жылы микроқаржы ұйымдары (МФО) өз талаптарын күрт өзгертетінін ескертуде. Несие нарығындағы жағдай неге қиындап барады? Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі жазды.

Қарыз алушыларға қойылатын жаңа тосқауылдар

BCC Invest сарапшысы Алуа Есболдың айтуынша, қаржы ұйымдары скоринг жүйесін, яғни клиентті тексеру тәртібін қатаңдатып жатыр. Әсіресе, табысы тұрақсыз немесе несие тарихы нашар азаматтардың өтініші жиі кері қайтарылуы мүмкін.

Бұған басты себеп – қайтарылмаған қарыздың көбеюі. Ресми деректерге сүйенсек, 2023 жылы мерзімі өткен қарыз сомасы 77 млрд теңге болса, 2025 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 98 млрд теңгеге жеткен. МФО-лар тәуекелге бармау үшін консервативті шешімдер қабылдауға мәжбүр.

Несие неге қымбаттайды?

Қарапайым халық үшін бұл екі нәрсені білдіреді: қымбат несие және табысты растау бойынша қатаң талаптар. Бұған инфляцияның өсуі мен Ұлттық банктің реттеу шаралары да әсер етіп отыр.

"Пайыздық мөлшерлеме бойынша шектеулер бар, сондықтан компаниялар шығынын жабу үшін комиссияларды немесе қосымша төлемдерді көбейтуі мүмкін. Клиент үшін шарттар ашық болғанымен, несиенің толық құны өседі", – дейді сарапшы.

Сонымен қатар, алдағы уақытта салық жүктемесінің артуы да микроқаржы нарығына қысым жасамақ. Сондықтан қаржылық тәртібі мықты азаматтар ғана тиімді шарттарға үміт арта алады.

Ұқсас материалдар

Қазақстанда шағын несие алу қиындайды: 2026 жылы не өзгереді? · Todayinfo