Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясын 3 ай мерзімге уақытша тоқтатты. Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржылық ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясын 3 ай мерзімге уақытша тоқтатты.
Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржылық ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзып, уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамағандықтан уақытша тоқтатылды.
Egov-тің мәліметінше, Microfinance MFO ұйымы Меруерт Хамитова мен Асылбек Әбділхайға тиесілі Bravo Group компаниясының басқаруында. Компания 2019 жылдың қыркүйегінде Астанада тіркелді. Оның алғашқы басшысы – Артем Котелкин.
Ал CashCapital MFO Joint Logistics логистикалық компаниясына иелік ететін Аяз Темірғалиевке тиесілі. Бұл микроқаржылық ұйым елімізде 2021 жылдан бері тіркелген.
Ұлттық банктің дерегіне сенсек, Bravo Microfinance 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 732 миллион теңге активтерімен 221 ұйымның ішінде 88-ші орынды иеленді. Ал CashCapital құны 200 миллион теңге болатын активтерімен – 204-ші орынға тұрақтады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·