Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда үйленген 124 мыңнан астам жұптың  жартысына жуығы ажырасып кеткен

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев алимент төлемеудің негізгі себептері тек құқықтық емес, сонымен қатар әлеуметтік және отбасылық факторлармен тығыз байланысты екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты,деп хабарлайды Todayinfo

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстанда үйленген 124 мыңнан астам жұптың  жартысына жуығы ажырасып кеткен
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев алимент төлемеудің негізгі себептері тек құқықтық емес, сонымен қатар әлеуметтік және отбасылық факторлармен тығыз байланысты екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Министрдің мәліметінше, 2024 жылдың басында алимент өндіруге қатысты 283 мың атқарушылық құжат тіркелген. Олардың ішінде 12 835 құжат немесе 4%-ы проблемалық болып есептеледі, яғни бұл жағдайларда алимент мүлде төленбейді.

«Алимент өндіру кезінде негізгі қиындықтар – борышкердің тұрақты табысының немесе мүлкінің болмауы, кейде табысты әдейі жасыруы. Жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 6 232 борышкер жұмысқа орналасқан», – деді министр.

Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, борышкерлерге қатысты қолданылатын ең соңғы шара – әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту. Алайда бұл тәсіл алимент төлемеу мәселесін толық шешпейді.

«Балаларын асырауға ниеттің болмауы – бұл отбасы-неке қатынастарының дағдарысы. Мұны былтырғы ажырасу көрсеткіші дәлелдейді: 2023 жылы 61 080 неке бұзылған, бұл – тіркелген 124 774 некенің жартысына жуығы», – деді министр.

Министр балалардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту үшін мемлекеттік органдар тарапынан кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

«Алимент төлемдерін өндіру министрліктің ерекше бақылауында. Бірақ мәселені шешу үшін заңнамадан бөлек, әлеуметтік саясатты да жетілдіруіміз қажет», – деп қорытындылады Ерлан Сәрсембаев.

     

Ұқсас материалдар

Қазақстанда үйленген 124 мыңнан астам жұптың  жартысына жуығы ажырасып кеткен · Todayinfo