«Жәбірленушіге моральдық шығын үшін 100 мың теңге өтемақы тағайындалды. Сондай-ақ жауапкер өкілдің 250 мың теңге және сараптама жүргізуге кеткен 130 мың теңге шығынын өтеуі тиіс. Енді ол барлығы 550 мың теңгеден астам ақша төлеуі керек», – делінген хабарламада.
Қазақстандық әйел танысын мобильді қосымшасы арқылы балағаттағаны үшін жазаға тартылды
Фото: Priscilla Du Preez/Unsplash Астана тұрғыны танысына мессенджер арқылы жіберген балағат сөздері үшін жарты миллион теңге төлейді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 131-бабы&n

Фото: Priscilla Du Preez/Unsplash
Астана тұрғыны танысына мессенджер арқылы жіберген балағат сөздері үшін жарты миллион теңге төлейді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 131-бабы «Қорлау» бойынша екі әйелдің желідегі жанжалын қарады.
Сотталушы 2024 жылдың 8 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы басқа әйелге ұятсыз сөздермен балағаттап, мәтіндік және аудиохабарлама жолдаған.
Әйел сотқа арызданып, моральдық шығын үшін құқықбұзушыдан 150 мың теңге өндіруді сұрады.
Сот сотталушының шын жүректен өкінгенін және оның баласының болуын ескеріп, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Соңында ол кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·