Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстандық дзюдошылар Ұлан-Батордағы турнирден жүлдесіз қайтты

Фото: olimpic.kz Ұлан-Батор қаласында өткен Grand Slam сериясындағы халықаралық дзюдо турнирінде Қазақстан құрамасын сегіз спортшы таныстырды. Алайда, өкінішке қарай, бірде-бір спортшы жүлдегерлер қатарына іліге алған жоқ,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Команда құр

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстандық дзюдошылар Ұлан-Батордағы  турнирден жүлдесіз қайтты

Фото: olimpic.kz

Ұлан-Батор қаласында өткен Grand Slam сериясындағы халықаралық дзюдо турнирінде Қазақстан құрамасын сегіз спортшы таныстырды. Алайда, өкінішке қарай, бірде-бір спортшы жүлдегерлер қатарына іліге алған жоқ,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Команда құрамындағы Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) және Ермахан Ануарбеков (90 келіге дейін) турнирді бесінші орынмен аяқтады. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін жарыстағы ең жоғары нәтиже болды.

Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) турнирді жетінші орынмен аяқтады. Әйелдер арасында бұл – Қазақстан атынан тіркелген ең үздік көрсеткіш.

Ұқсас материалдар

Қазақстандық дзюдошылар Ұлан-Батордағы турнирден жүлдесіз қайтты · Todayinfo