- Компанияның ЕО аумағындағы активтерін бұғаттау;
- Еуропалық операторлармен кез келген өзара іс-қимылға тыйым салу.
Қазақстандық компания Еуропалық Одақтың (ЕО) санкциясына ілінді
Еуропалық Одақ 2026 жылғы 23 сәуірдегі шектеу шараларының 20-шы пакеті аясында қазақстандық «Объединенная торговая группа» (United Trading Group) ЖШС-ін санкциялық тізімге қосты. Компания қолданыстағы экспорттық шектеулерді айналып өтуге көмектескен деп айыпталуда. Ресми ақпаратқ

Еуропалық Одақ 2026 жылғы 23 сәуірдегі шектеу шараларының 20-шы пакеті аясында қазақстандық «Объединенная торговая группа» (United Trading Group) ЖШС-ін санкциялық тізімге қосты. Компания қолданыстағы экспорттық шектеулерді айналып өтуге көмектескен деп айыпталуда.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл кәсіпорын Қазақстанда 2022 жылғы 17 наурызда тіркелген және кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Еуроодақтың мәліметінше, компанияны қара тізімге қосуға оның жартылай өткізгіштер өндірісінде қолданылатын жоғары тазалықтағы хлорлы сутегін жеткізуге қатысы бар деген күдік негіз болған. Тергеу нұсқасы бойынша, тауарды жеткізу тізбегі былайша өрбіген:
Германиялық UrSeCo Handels GmbH & Co. KG компаниясы өнімді Wacker Chemie AG өндірушісінен сатып алған. Содан кейін тауар Қазақстандағы United Trading Group мекенжайына бағытталған. Еуропалық реттеушілердің пайымдауынша, өнім кейіннен Ресейдің «Силтрон» және «Электронснаб» секілді компанияларына қайта жөнелтілген.
Бұл жеткізу тізбегі Польша, Түркия және Қазақстан сияқты бірнеше ел арқылы өткені айтылады. Сондай-ақ, ресейлік компаниялардың бірінің неміс жеткізушісімен жанама байланысы бар екені анықталған.
Еуроодақ бұл әрекеттерді белгілі бір химиялық заттарды Ресейге экспорттауға тыйым салатын № 833/2014 Регламентінің ережелерін бұзу деп бағалады. Санкциялық тізімге ену мынадай шектеулерді білдіреді:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·