Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанға дауылды ескерту: 12 мамырда қандай ауа райы күтіледі?

Қазақстанның барлық аймағында 12 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер аяз, қатты жаңбыр, найзағай және өрт қаупін болжап отыр.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстанға дауылды ескерту: 12 мамырда қандай ауа райы күтіледі?
📷 Дереккөз: tengrinews.kz

Қазақстанның барлық аймағында 12 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 мамырда елімізде аяз, қатты жаңбыр, найзағай және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астанада түнде 1-3 градус аяз болады. Солтүстік-батыс, батыс бағыттан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктері) түнде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс бағыттан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте солтүстік-шығыс бағыттан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, таулы аймақтарда кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында, тау бөктері мен таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында түнде кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан соққан желдің жылдамдығы облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, шығысында өрт қаупі өте жоғары.

Ұқсас материалдар

Қазақстанға дауылды ескерту: 12 мамырда қандай ауа райы күтіледі? · Todayinfo