Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанның Ата Заңы толықтай дерлік өзгереді: 77 бапқа түзету енгізілді

Қазақстан Конституциясының 84%-ы жаңартылмақ. Конституциялық сот өкілінің айтуынша, Ата Заңның 77 бабына ауқымды түзетулер енгізілді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстанның Ата Заңы толықтай дерлік өзгереді: 77 бапқа түзету енгізілді

Қазақстанның Ата Заңына ауқымды түзетулер енгізіліп, құжаттың 84%-ы толық жаңартылмақ. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасын таныстырған Нұрмұханов жалпы 77 бапқа өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

"Жалпы алғанда, Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілді. Бұл – Ата Заң мәтінінің 84%-ын құрайды", - деді сот өкілі.

Жаңартылған құжат жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Жаңа Конституция жобасы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Оған «Халықтық кеңес» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылған. Сонымен қатар, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертілді.

Негізгі жаңашылдықтардың қатарында бірпалаталы парламентке көшу, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау тетіктерін күшейту және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі Конституциялық соттың рөлін арттыру бар.

Фото: gov.kz

Ұқсас материалдар

Қазақстанның Ата Заңы толықтай дерлік өзгереді: 77 бапқа түзету енгізілді · Todayinfo