Фото: Azattyq Rýhy Ұлттық банктің статистикасына сенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 181,8 миллиард доллар, яғни 87,3 триллион теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2025 жыл ішінде 17,2 миллард долларға артқан. Ал соңғы тоқсанда өсім 10,4 миллир
Фото: Azattyq Rýhy
Ұлттық банктің статистикасына сенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 181,8 миллиард доллар, яғни 87,3 триллион теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2025 жыл ішінде 17,2 миллард долларға артқан. Ал соңғы тоқсанда өсім 10,4 миллирад доллар болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Сыртқы қарыздың ұлғаюы төлем балансы операциялары есебінен 12,8 миллиард долларға, сондай-ақ валюта бағамы, құндық және өзге де өзгерістер есебінен 4,3 миллиард долларға өскен”, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Сыртқы қарыз құрылымы төмендегідей:
- Мемлекеттік сыртқы қарыз – 18,6 миллиард доллар (+2,4 миллиард доллар тоқсанда);
- Мемлекет бақылауындағы банктер мен ұйымдар – 25,2 миллиард доллар (+4,4 миллиард доллар);
- Жеке сектор – 138 миллиард доллар (+3,6 миллиард доллар);
- Мемлекет кепілдік берген қарыз – 3,3 миллиард доллар (+100 миллион доллар).
Сыртқы қарыздың негізгі бөлігі, яғни 88,1%-ы ұзақ мерзімді міндеттемелерге тиесілі. Бұл өтімділік тәуекелдерін төмендетеді, бірақ төлемдердің нарықтағы жағдайға тәуелділігін арттырады.
Қарыз құрылымында резидент емес азаматтардан алынған несиелер мен қарыздар басым – 70,5%. Сондай-ақ резидент еместердің қолындағы борыштық бағалы қағаздар – 12,5%.
Сыртқы қарыз бен шетелдегі қарыздық активтердің айырмасы, яғни таза қарыз – 53,2 миллиард доллар.
Еске салайық, сыртқы қарыз – бұл резиденттердің шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттемелері. Ол бойынша негізгі қарыз сомасы мен пайыздары қайтарылуы тиіс. Сыртқы қарыз құрамына мемлекет те, жеке сектор да, қарыз қандай валютада алынғанына қарамастан, түгел кіреді.