Қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Фото: Ашық дереккөз КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды. Бибігүл Ахметқызы, 1929 жылы Семей қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерватор

Фото: Ашық дереккөз
КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды.
Бибігүл Ахметқызы, 1929 жылы Семей қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі, 1971-1979 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі, 1979 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры болды.
Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді.
Қазақ опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Е. Брусиловский «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А. Жұбанов және Л. Хамиди «Абай»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиев «Алпамыс»), Джильда, Виолетта (Дж. Верди «Риголетто», «Травиата»). Ол «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған еді», «Тақиялы періште», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады.
Гастрольдік сапармен Канадада, Францияда, АҚШ-та, Италияда, Швецияда, Египетте, Алжирде, Сирияда, Үндістанда болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 7-9-шақырылымдарының депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы.
Ұқсас материалдар

Руханият
"Қайғы мен қасіретті қалай көтеріп жүргеніңді өзіңнен басқа ешкім білмеді" – Берік Жүсіпов Асанәлі Әшімов туралы
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Стэнфорд гранты: Шымкенттік қызға 350 млн теңге берілді
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді
Мейіржан Әуелханұлы·