Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Қазфосфат» зауытындағы апат: жұмысшы көз жұмып, бірнешеуі ауруханаға түсті

Жамбылдағы "Қазфосфат" зауытында болған өндірістік апат салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды. Тағы екі адам ауыр күйікпен ауруханаға түсті.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
«Қазфосфат» зауытындағы апат: жұмысшы көз жұмып, бірнешеуі ауруханаға түсті
«Қазфосфат» ЖШС құрамындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында тағы да жазатайым оқиға болып, үш адам зардап шекті. Өкінішке қарай, олардың бірінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Оқиға 29 қаңтарда №5 цехта жұмыс жүргізу кезінде болған. Пештен ыстық қож атқылап, салдарынан сары фосфор өндірісінің екі аппаратшысы мен бір слесарь күйік шалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. 1994 жылы туған аппаратшының денесінің 45 пайызын термохимиялық күйік шалып, тыныс алу жолдары зақымданған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, жағдайы өте ауыр болып, бүгін қайтыс болды. Зардап шеккен қалған екі жұмысшы (2003 және 1983 жылы туған) қазір қалалық аурухананың күйік бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. «Қазфосфат» ЖШС бұл қайғылы оқиғаға қатысты әлі күнге дейін ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Айта кетейік, былтыр «Уралхим» ААҚ «Қазфосфаттың» жаңа акционері атанған. Бұған дейін ресейлік компания «Қазфосфатпен» және өзбекстандық «Өзкимёсаноатпен» бірігіп, Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрған болатын.

Ұқсас материалдар

«Қазфосфат» зауытындағы апат: жұмысшы көз жұмып, бірнешеуі ауруханаға түсті · Todayinfo