Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ҚХА-ның орнын жаңа орган басады: Халық кеңесі заң шығару құқығын иеленеді

Қарағандыда өткен жиында билікті жаңарту мәселесі талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қайта қаралып, жаңа Халық кеңесі құрылмақ.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
ҚХА-ның орнын жаңа орган басады: Халық кеңесі заң шығару құқығын иеленеді

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесіп, жаңа Конституция аясындағы маңызды өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қарағандыдағы Достық үйіне жиналған 150-ге жуық қоғам белсендісі, этномәдени бірлестіктер мен мәслихат депутаттары билік тармақтарын жаңарту, этносаралық келісім және Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметін қайта құру мәселелерін сөз етті.

Жиында ҚХА-ның тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі тарихи рөлі мойындалғанымен, қазіргі қоғамдық процестер мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жаңартуды талап ететіні айтылды. Осыған байланысты Ассамблея қызметін қайта форматтау ұсынылды.

Басты жаңалықтардың бірі – Президент ұсынған жаңа Халық кеңесі институты. Бұл орган елдегі маңызды мәселелерді талқылайтын негізгі диалог алаңына айналуы тиіс.

«Жаңа Халық кеңесі этномәдени бірлестіктердің, мәслихат депутаттарының және азаматтық сектор өкілдерін біріктіреді. Оған заңнамалық бастама жасау мүмкіндігі беріледі. Бұл кеңеске қоғамның сұранысына негізделген күн тәртібін жүйелі түрде ілгерілетуге жол ашады», - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституцияны толық қолдайтындарын білдіріп, қоғамдық бірлікті нығайту және әділеттілікті қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

ҚХА-ның орнын жаңа орган басады: Халық кеңесі заң шығару құқығын иеленеді · Todayinfo