Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды: Астанадағы 7 пәтер мен көлік тәркіленді

Атышулы Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі жарияланды,деп хабарлайды Todayinfo. Сот дерегінше, күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетинг пен электронды коммерцияға инвестиция салуға үгіттеген. Олар жалған QVI tripsaver туристік кар

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды: Астанадағы 7 пәтер мен көлік тәркіленді
Атышулы Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі жарияланды,деп хабарлайды Todayinfo. Сот дерегінше, күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетинг пен электронды коммерцияға инвестиция салуға үгіттеген. Олар жалған QVI tripsaver туристік карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға шақырған. Қаржы пирамидасына қатысқан азаматтар әрқайсысы 840 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін қаражат құйған. Жүйенің басты талабы – әрбір қатысушы өзімен бірге жаңа салымшыларды тартуы керек болған. Тергеу мәліметінше, жалпы 51 адам пирамиданың құрбанына айналып, 63 миллион теңгеден астам қаражат салған. Сот үкіміне сәйкес, қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар кінәлі деп танылып, оларға 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот 301 миллион теңге көлеміндегі мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда: Астана қаласындағы 7 пәтер "Toyota Camry" маркалы автокөлік Тәркіленген мүліктер мемлекет меншігіне өтеді.  

Ұқсас материалдар

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды: Астанадағы 7 пәтер мен көлік тәркіленді · Todayinfo