Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қолымды қайырып, „хайуан“ деді»: Психикалық орталықтағы сұмдық жайлы пациент

Алматыдағы республикалық психикалық денсаулық орталығының пациенті қызметкерлердің өзін қорлап, күштеп төсекке таңып тастағанын айтты.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
«Қолымды қайырып, „хайуан“ деді»: Психикалық орталықтағы сұмдық жайлы пациент

Алматыдағы республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының пациенттері мекеме қызметкерлері тарапынан қатыгездік пен қорлық көргенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Полина Лягинская есімді келіншек Қазақстанға 2022 жылы Ресейден күйеуімен бірге көшіп келген. Бұған дейін ол өзіне қол жұмсау ойларына байланысты психиатрдың бақылауында болған. 2025 жылдың желтоқсан айының басында оның жағдайы кенеттен нашарлап кеткен.

Емдеуші дәрігерінің кеңесімен ол аталған орталыққа өз еркімен жүгінген. Алайда келісімшартқа қол қою кезінде-ақ қиындықтар туындаған. Қызметкерлер құжаттарды дұрыс түсіндірместен, мұны жай ғана «формальдылық» деп атап, қол қоюға асықтырған.

Лягинскаяның айтуынша, қызметкерлер тарапынан қорлау мен дөрекілік жүйелі түрде қайталанған.

«Ол жерде пациенттерді үнемі қорлайды... Мен мекемеден шыққым келетінін айтқанымда, кезекші дәрігер: „Өздерің келесіңдер, ақымақтар, сосын қайтадан сұранасыңдар. Әбден мезі қылдыңдар ғой“ деді».

Келіншек мекемеден шығу туралы талабын қоймаған соң, оны палатаға күштеп қайтару үшін санитарларды шақырған.

«Олар мені ұстап, қолымды қайырып, „хайуан“ деп айқайлады. Әйел санитарлардың шамасы келмеген соң, ер адамдар келді, олардың арасында басқа пациенттер де болды», — дейді ол.

Нәтижесінде Лягинскаяны агрессивті пациенттерге арналған палатаға жатқызып, төсекке қатты етіп таңып тастаған. Бұл оқиғаға қатысты басқа да жәбірленушілердің бар екені айтылады.

Фото: «Орда».

Ұқсас материалдар

«Қолымды қайырып, „хайуан“ деді»: Психикалық орталықтағы сұмдық жайлы пациент · Todayinfo