Қостанайда тәрбиеші 16 жастағы мүгедек қызды үтікпен күйдірді деген күдікке ілінді
Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде адам шошырлық жағдай орын алды. Тәрбиеші әйел 16 жастағы мүгедек қызды ыстық үтіктен бірнеше рет күйдірген деген күдікке ілінді,деп хабарлайды Todayinfo. Қостанай облыстық полиция басқармасы

Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде адам шошырлық жағдай орын алды. Тәрбиеші әйел 16 жастағы мүгедек қызды ыстық үтіктен бірнеше рет күйдірген деген күдікке ілінді,деп хабарлайды Todayinfo.
Қостанай облыстық полиция басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, тәрбиешіге Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тиісті тергеулер жүріп жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.
Егер тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бап аса ауыр қылмыс түріне жатады және кәмелетке толмаған, денсаулығында ақауы бар тұлғаға көрсетілген зорлық үшін қатаң жазаны көздейді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·