«Мұндай қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, ересектердің салғырттығынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста, сондықтан қауіп күшейе түседі», – деді ТЖД профилактика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірбек Исаев.Құтқару қызметі ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, терезе мен балкон маңындағы ойынға қатаң тыйым салуды ескертеді. Сонымен қатар, қорғаныс торларын орнату, балаларды қараусыз қалдырмау, және қауіп туралы үнемі түсіндіру – аса маңызды.
«Құлап кете жаздады»: Ақтауда 11-қабаттағы балкон қоршауында ойнаған балалар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)
Ақтауда көпқабатты үйдің 11-қабатында ашық балкон қоршауында ойнап отырған екі кішкентай қыздың видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Бейнежазбаны куәгерлер түсірген. Кадрларда балалардың қоршауға шығып алып, тепе-теңдік сақтап отырғаны көрінеді. Бұл қауіпті сәтте жанында бірде-б

Ақтауда көпқабатты үйдің 11-қабатында ашық балкон қоршауында ойнап отырған екі кішкентай қыздың видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Бейнежазбаны куәгерлер түсірген. Кадрларда балалардың қоршауға шығып алып, тепе-теңдік сақтап отырғаны көрінеді. Бұл қауіпті сәтте жанында бірде-бір ересек адам болмаған,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер өте қауіпті, себебі кез келген сәтте тепе-теңдік жоғалса, қайғылы оқиғаға ұласуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздік ережесін елемеуі – тек ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден немесе балконнан құлауы бойынша 8 оқиға тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың жылдық дерегінен асып түсті – 2024 жылы мұндай 5 жағдай болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·