Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Мемлекет басшысы реті

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.
«Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым», – деді Президент.

Ұқсас материалдар

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді - Тоқаев · Todayinfo