Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Құздағы қаза: альпенист қар көшкінінің астында қалған жолдастарының мүрделерін өзі тауып шығарды

Фото: 112 Телеграм арнасы Қарашай-Черкесия республикасында құзға өрмелемек болған бір топ адам қар көшкініне тап болды. Архыздың София шатқалында 16 адамнан тұратын альпинистер тобының сапары трагедиямен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.   112  Telegram-арнасының хаба

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Құздағы қаза: альпенист қар көшкінінің астында қалған жолдастарының мүрделерін өзі тауып шығарды

Фото: 112 Телеграм арнасы

Қарашай-Черкесия республикасында құзға өрмелемек болған бір топ адам қар көшкініне тап болды. Архыздың София шатқалында 16 адамнан тұратын альпинистер тобының сапары трагедиямен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.

 112 Telegram-арнасының хабарлауынша, сапарға шыққан топтың ішінен үшеуі ауа райын барлау үшін алға шыққан. Алайда барлаушылардың қар көшкіні басып қалған. Олардың бірі қашып үлгерсе, қалған екеуі мұз қабатының астында қалып қойған.

Аман қалған альпинист қалың қар жамылғысын өзі қазып, жолдастарының мәйітін шығарған. Қайтыс болғандар – Николай Южаков пен Константин Колокольников.

Альпенистер тобы ТЖМ ескертуіне қарамастан тауға шығамыз деп қаза тапты. Туристердің көбі ішкі Ресейден «Таймази 2025» мұз фестиваліне келген.

Ұқсас материалдар

Құздағы қаза: альпенист қар көшкінінің астында қалған жолдастарының мүрделерін өзі тауып шығарды · Todayinfo