“Іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағының апат болған орынды анықтады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау”, – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі 1 сәуірге қараған түні.Апат салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты. Ан-26 – Кеңес Одағында жасалған жеңіл әскери-көлік ұшағы. Оны 1975 жылы қарулы күштер қатарында пайдалануға рұқсат берілген. Мұндай ұшақтар әскери қызметкерлерді, техника мен жүктерді орташа қашықтыққа тасымалдау үшін пайдаланылған. Бұл модель 1960 жылдардың соңынан 1980 жылдардың ортасына дейін өндірілген.
Қырымда ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты
Қырымда әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшырап, салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспар бойынша ұшып бара жатқан. 31 наурыз
Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу

Қырымда әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшырап, салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспар бойынша ұшып бара жатқан. 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де ұшақпен байланыс үзілді.
Ұқсас материалдар

Әлем
Соғыс кезінде сумен жабдықтауды нысанаға алу тапшылық дағдарысын қалай ушықтырады?
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Румынияда әйелдерді өлтіргені үшін жаза қатаңдатылды: фемицид жеке санатқа бөлінді
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Варуфакис Палатир, жасанды интеллект соғысы және технолордтардың көтерілуі туралы
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Иран сыртқы істер министрі Ресейге келіп, Путинмен кездеседі
Мұхтар Жексенбай·