Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға шыққан жолаушылар көлігі жолда жанып кетті

Салонында 16 оқушымен Түркістанға бет алған қызылордалық көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында болды. Қызылорда облысынан шыққан «Газель» автокөлігі өртке оранды. Көлік ішіндегі 16 оқушы мен жүргізуші қауіпсіз жерге шығып үлге

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға шыққан жолаушылар көлігі жолда жанып кетті
Салонында 16 оқушымен Түркістанға бет алған қызылордалық көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында болды. Қызылорда облысынан шыққан «Газель» автокөлігі өртке оранды. Көлік ішіндегі 16 оқушы мен жүргізуші қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

«Зардап шеккендер жоқ. Көліктегі оқушылар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Қазір өрттің себебі анықталуда», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ұқсас материалдар

Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға шыққан жолаушылар көлігі жолда жанып кетті · Todayinfo