Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Қызылордада полициядағы жемқорлықпен күрес: цифрлық технологиялар енгізілуде

Қызылорда облысының полиция департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері талқыланды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Қызылордада полициядағы жемқорлықпен күрес: цифрлық технологиялар енгізілуде
📷 Қызылорда әкімдігі

Қызылорда облысының полиция департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Мендалиев Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбына арналды.

Талқылау барысында құқық қорғау органдары қызметіндегі жемқорлықтың алғышарттарын азайту мәселелері қаралды. Сондай-ақ ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу жайы сөз болды.

Кездесуде процестерді автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік қызметтер көрсету және процестік қызмет барысында адами фактордың әсерін азайту мәселелері айқындалды.

Бұдан бөлек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ж. Қозбағарова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында көзделген жауапкершілік пен оның салдары туралы айтты.

Шара соңында үздік тәжірибелерді талдау, цифрлық мониторинг құралдарын талқылау және инновациялық технологияларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар тыңдалып, кері байланыс орнатылды.

Ұқсас материалдар

Қызылордада полициядағы жемқорлықпен күрес: цифрлық технологиялар енгізілуде · Todayinfo