Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қызылордада жаңа «Сайлау үйі» ашылды: робот көмекші мен «ақылды бюллетень» бар

Қызылордада Қазақстандағы алғашқы «Сайлау үйі» ашылды. Онда сайлаушыларға Daryn AI роботы көмектесіп, «ақылды бюллетень» таныстырылды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қызылордада жаңа «Сайлау үйі» ашылды: робот көмекші мен «ақылды бюллетень» бар

Қызылордада республикада баламасы жоқ «Сайлау үйі» жұмысын бастады. Заманауи ғимараттың мүмкіндіктерімен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Облыс орталығының сол жағалауында бой көтерген жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. «Жастар және сайлау» республикалық форумына еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегация мүшелері мұндай орталықтың тек Сыр өңірінде ғана бар екенін атап өтті.

«Сайлау үйінің» басты жаңалығы – Daryn AI атты онлайн робот-көмекші. Ол арнайы мобильді қосымша арқылы сайлаушыларға өз учаскесін лезде табуға көмектеседі. Сонымен қатар жиі қойылатын сұрақтарға жазбаша және аудио форматта жауап береді.

Форумға қатысушыларға арнайы көрме де ұйымдастырылды. Онда мектеп президентін сайлау кезіндегі онлайн дауыс беру жүйесі, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен датчиктер арқылы әзірленген «ақылды бюллетень» жобасы көрсетілді.

Бұдан бөлек, Жас сайлаушылар клубының белсенділері сайлау процесін қарапайым тілмен түсіндіретін комикстер сериясын және жасанды интеллект көмегімен жасалған дауыс берудің маңыздылығы туралы мультфильмдер топтамасын таныстырды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар